Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар қаласында белгітас ашылды

Бүгін Талғар қаласындағы орталық саябақта Тәжік-Ауған, Қарабах соғыстарында қаза болған азаматтарға арналған белгітастың ашылу салтанаты өтті.

25.10.2022
Аймақ

Шараға аудан әкімі Қайдар Әбдіханов, аудандық мәслихат хатшысы М. Алибеков, Республикалық «Айбын Тәжік-Ауған шекарасы ардагерлерінің одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е. Нұрғалиев, Қарабахтағы соғысқа қатысқан жауынгер Ә. Елеусізов, генерал-майор М. Мажитов қатысты.

Жиында бас қосқан қонақтар белгітасқа гүл шоқтарын қойды. Басқосудың соңы Мәдениет үйіндегі мерекелік концертке ұласты.

«Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай-талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Республикамызды бүгін әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы-демократиялық ел ретінде біледі», — деді аудан басшысы.

Қайдар Әбдіхановтың айтуынша, елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді.

«Сіздерді «Республика күні» ұлттық мерекесімен құттықтаймын! Біз тәуелсіз, еркін, гүлденген елде өмір сүріп жатырмыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке тілеймін!», — деді Талғар ауданының әкімі.

Концертте ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар мамандар марапатталды.

Ауқымды ән кешінде Талғар ауданының өнерпаздары, «Әжелер шуағы» ансамблі мен «Ардагерлер хоры», әнші Райым Уайыс өнер көрсетті.

Тегтер: Талғар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz