Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында алғаш рет жамбас буынын протездеу отасы жасалды

Талғар аудандық орталық ауруханасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алғаш рет жамбас буынын протездеу операциясы жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі облыстық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17.03.2023
Аймақ

«Имплант орнату бойынша жоспарлы операция «Сол жақтағы 3-4 дәрежелі деформациялық коксартроз» диагнозымен бірнеше жыл бақылауда болған 1962 жылы туған науқасқа жасалды. Науқаста ауырсыну синдромы болды және консервативті емдеу әдістері, физиотерапия және жаттығу терапиясы оған айтарлықтай жеңілдік бермеді. Бұған дейін осындай дертке шалдыққан науқастар басқа ауруханаларға жедел емдеуге жіберілетін», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбас буынын протездеу, яғни зақымдалған сүйектер мен шеміршектерді протез бөліктермен ауыстыру операциясы тәжірибелі хирург Арсен Қанатұлы, травматология бөлімінің меңгерушісі Малаев Талғат Аманбекұлы, травматолог Нұрмұқашев Исламбек Арыстанбекұлы, анестезиолог Ғалиева Зухра Тұрсынқызының қатысуымен жасалды. Қазіргі уақытта науқас емнен кейін оңалтудың бірінші кезеңінен өтіп жатыр.

«Буын эндопротезі — тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарды емдеу жолындағы үлкен жетістік. Буындарды қалыпты емдеудің әсері болмағанда оны ауыстыру науқастың емделіп кетуінің бірден бір жолы», — деп жазды баспасөз қызметі.

Тегтер: Алматы облысыотаТалғар

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz