Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

Әуежай аумағында құрылыс жүргізу туралы нұсқаманы орындамағаны үшін Талғар ауданы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды.

12.01.2023
Аймақ, Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке.
Суретте аудан әкімі Қайдар Абдыханов

Фото: Аслан Қажеке. Суретте аудан әкімі Қайдар Абдыханов

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы әуежайының ұшу жолағына келтірілетін кедергілерді жою және периметрлік қоршауды ауыстыру үшін Алматы облысында 190 жер учаскесін және Алматы қаласында 40 жер учаскесін мемлекеттік балансқа алу қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (ҚР ИИДМ) 2022 жылғы маусымда өңірлердің басшыларына хат жолдады», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздегі «ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, қала аумағына құрылыс жүргізу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу туралы шешімдерді қабылдау жергілікті әкімдіктің құзіретінде.

«Осыған байланысты ҚР ИИДМ жергілікті атқарушы органдардың атына әуеайлақ маңындағы жер учаскелерін беру кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі және заңсыз салынған нысандар бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде хабарламалар жолданды», — деп жазды баспасөз қызметі.

Аталған талаптарды орындамағаны және нұсқаулық арқылы жүйелі жұмыс жасамағаны үшін Шымкент қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына, Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды.

Айта кетейік, еліміздің Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе қалаларының әуежай аумағында заңсыз салынған нысандар көп.

Тегтер: айыппұлАлматы облысыәкімТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz