Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар аудандық орталық ауруханасының көшпелі тобы елді мекендерде кездесу өткізді

Талғар аудандық орталық ауруханасының көшпелі тобы Кеңдала және Гүлдала елдімекендерінің дәрігерлік амбулаторияларына барып, жұмыс барысын түсіндіріп, әр қызметкермен түрлі мәселелер бойынша кездесу өткізді.

14.11.2022
Аймақ

«Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының бұйрығымен дәрігерлік амбулаторияларда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында біз жалақы, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын талқыладық», – деді Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Эльмира Талғатқызы.

Көшпелі топтың құрамына «A-Class-Medical» бас директоры, директорлар құрамы, директордың орынбасарлары, мейірбике қызметінің басшылары, ОӘБ, БКМУ, МСАК, заңгерлер, дәрігерлер, сарапшылар, эпидемиологтар және аурухананың баспасөз қызметі кірді. Көшпелі топтың барлық мүшелері қызметкерлермен жеке кездесулер өткізді.

«Аурухана басшылығы арнайы келіп, туындаған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізгеніне риза болдық. Амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, таза әрі жарық ғимаратта жұмыс істеуімізге жағдай жасады. Бүгін біз жұмыс бойынша туындаған көп сұрақтардың жауабын алдық», — деді тазалыққа жауапты маман Ақбота Есенгелдіқызы.

«Біз бірінші кезекте жалақы мен сыйақы мәселесін көтердік. Бізге көшпелі топтың құрамындағы бухгалтер төлем қалай жасалатынын және қалай есептелетінін түсіндірді. Енді бәрі түсінікті. Басшылыққа алғысымды білдіргім келеді. Олар амбулатория үшін көп жұмыс жасады», – деді медбике Гүлнафиз Жұмабайқызы.

Талғар аудандық орталық аурухана басшылығы медициналық мекеме қызметкерлерінің барлық ұсыныстарын қарастыратын айтты.

Тегтер: кездесуТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қауіпсіз аула – қауіпсіз қоғамның бастауы

Диана Ахметова
13.07.2026

Талғарда заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz