Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорғанда «Jetisu IT-Hub» ашылды

Талдықорғанда Жастар ресурстық орталығы жанынан «Jetisu IT-Hub» ашылды.

14.05.2023
Аймақ

Бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Астана Хаб» және Жетісу облысы әкімдігімен бірлесе атқарылған жоба.

Орталықтың ашылу салтанатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі мұндай орталықтардың жастар үшін аса маңызды екенін айтты.

«Бұл біздің алғашқы жобамыз және ол Жетісу жерінен бастау алып жатыр. Президент жастарға үлкен мән беріп, қамқорлық жасап келеді. Таяуда Мемлекет басшысы Жастар саясаты туралы заңға қол қойды. Ол бойынша жастар санаты 35-ке дейін ұлғайтылғанын білесіздер. Жастар саясаты туралы тұжырымдама қабылданды. Жалпы, жастарға арналған «Jas project» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» секілді жобалар ұландардың дамуына ерекше серпін береді», — деді министр.

Жастар саясаты туралы тұжырымдамаға сай, цифрлық сауаттылық бойынша өңірлердегі 1,5 млн жасты оқыту жоспарланып отыр.

Жастар орталығы жанындағы «Jetisu IT-Hub» та осы межені орындауға қажет. Хабта жастар өз стартаптарын жасап, кәсіпкерлік жобаларын бастайды.

Бұдан бөлек, Sumsung компаниясының қолдауымен «Sumsung Innovation Campus» кабинеті ашылған. Кампуста 15 жас азамат білім алып жатыр. Қазіргі жастар тенденциясына сәйкес no code бағдарламасы арқылы жоба жасауда.

Министр жастарға сәттілік тілеп, орталық пен IT-hub жаңа таланттарға жола ашады деген сенім білдірді.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz