Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Спорт басқармасының пара алған маманына 12 миллион теңге айыппұл салынды

Антикор маманының мәліметінше, былтыр Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының маманы 400 мың теңге сыйақы алғаны әшкере болып, жазаға тартылды.

02.02.2023
Аймақ

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Қонаев қаласында өткен спорт басқармасының алқа мәжілісінде сөз етті.

«Маман жеке компанияның ArtSport бағдарламасының порталында жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және қызметіне қамқорлық танытқаны үшін 400 мың теңге пара алған. Бұл азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің пара алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді облыстық Антикордың аса маңызды істер жөніндегі офицері Жайық Таймерденов.

Басқарманың бас маманы былтыр 9 желтоқсанда Қонаев қалалық сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл (пара сомасының 30 еселенген мөлшері) түрінде жаза тағайындалды, кәсіпкерге 800 мың теңге айыппұл салынды.

Тегтер: Алматы облысыПара алу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz