Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ШҚО-да 30 сантиметрге дейін қар жауды

Кеше, 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында қар жауды. Марқакөл көлінің маңында жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жеткен.

27.09.2023
Аймақ

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Instagram желіcіндегі парақшасында хабарлауынша, биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алғашқы қар Марқакөл қорығында жауған. Екі күн бойы толассыз жапалақтап жауған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жеткен.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Катонқарағай ауданының тұрғындары жауған қардың кадрларын бөлісуде. Алайда бұл жақта қар аз жауып, тез еріп кеткен.

«Марқакөл қорығы метеостанциясында 28 сантиметрге дейін қар жауды, Катонқарағайда да жылбысқы қар түсті, бірақ жылбысқы қар болғандықтан, жауып, тез еріп кетті. Ауа температурасы таулы аймақтарда -2 градусқа дейін төмендеді», — дейді «Қазгидромет» өкілі.

Айта кетейік, метеорологтар бірер күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарының тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертіп, мұнда дауылдық ескерту жарияланған еді.

Синоптиктердің айтуынша, биыл күз әдеттегіден салқындау. Қыркүйек айында ауа температурасы нормадан шамамен бес градусқа төмен болып отыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарқарШҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz