Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сарыбұлақ пен Қосқұдықтағы медициналық пункттерге байланысты әкімдік жауап берді

Қонаев қаласындағы әкімдік мамандарының мәліметінше, Кербұлақ, Қосқұдық және Сарыбұлақ ауылдарында блоктық-модульдік материалдардан медициналық пункт тұрғызылды. Техникалық негіздемеге сай, нысанның іргетасы болмайды.

09.03.2023
Аймақ

«Модульдер 15 күннің ішінде құрылды. Кепілдік мерзімі — 36 ай. Блоктық-модульдік медициналық пункт — ауылдық жерлерде жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын мекеме. Бұл нысан 12 кабинеттен тұрады: дәріхана пункті және анықтамасы бар вестибюль, медбике, акушерлік қабылдау, емшара, егу, материалдарды алу және зерттеу жүргізу және т.б.», — деп көрсетілген әкімдіктің жауабында.

Мамандардың ақпаратынша, нысан жауын-шашынға, қатты аязға, желге және 9 балға дейінгі жер сілкінісіне төзімді.

«Кербұлақ пен Сарыбұлақ ауылындағы медициналық пункт үшін электр энергиясын беру жекелеген қосалқы трансформаторлық стансалардан жүргізіледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты абаттандыру жұмыстары тоқтап тұр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ мамандар Қосқұдық ауылында су құбырын тарту бойынша жұмыстар аяқталмағанын жеткізді. Олардың ақпаратына сүйенсек, мұндағы қосалқы электр стансасының да қуаты күшейтіледі. Бұл жұмыстар осы айда аяқталады.

«Қазіргі уақытта амбулаторияларды Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміне беру мәселесі қарастырылып жатыр», — деп жазды мамандар.

Бұған дейін ауыл тұрғындарының сапасыз құрылысқа шағымданғанын жазғанбыз.

Тегтер: Алматы облысыФАП

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz