Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сәуірдің соңғы күнінде еліміздің бірқатар өңірінде аяз болады

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы сәуірдің соңғы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көптеген өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталып, күшті жел, найзағай, тұман, бұршақ және аяз күтіледі. Сонымен қатар бірқатар облыстарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана мен Ақмола облысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетіп, түнде 1–3 градус аяз болады. Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында да түнгі уақытта аяз күтіледі.

Солтүстік Қазақстанда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар, Ұлытау және Атырау облыстарында да қатты жел соғып, кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында найзағай ойнап, кейбір таулы аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Бұл аймақтарда да желдің жылдамдығы күшейіп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында найзағай мен бұршақ күтіледі, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Алматы қаласында өткінші жаңбыр жауады.

Түркістан мен Жамбыл облыстарында найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болжанып отыр. Шымкенттежелдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында түнгі аяз сақталып, шаңды дауыл мен жоғары өрт қаупі күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт құбылуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz