Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы дәрігерлер бүйрек ауруы асқынған науқасты аман алып қалды

23 қыркүйек күні Қонаев қалалық ауруханасына созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан әйел ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігер көмегіне жүгінген әйелдің бүйрегі мүлде жұмыс істемей қалған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

25.09.2022
Аймақ

«Данияр Жиренбаев атты дәрігер-анестезиолог жедел әрекет етіп, дәрігерлер түнімен науқастың өмірі үшін күресті. Әйелге «Диалог+» құрылғысы арқылы гемодиализ жасалды. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», — дейді аурухананың баспасөз хатшысы Айна Мұқанова.

Данияр Жиренбаевтың айтуынша, заманауи «Диалог+» аппараты өте ауыр хәлде келген науқастың бүйрегін тазалауға көмектесіп, ағзаның қызметін атқаратын құрылғы.

«Әдетте диализді жасау 3-4 сағатқа созылады. «Диалог+» аппаратының қаламызда 1 ғана данасы бар. Тек шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Аурухана меншігінде болғанына 1 жылдан асты. Осы уақыт ішінде 7-8 науқас аяқтан тік тұрып кетті. Жаңа технология кез келген ауруханаға қажет деп ойлаймын», — дейді өз сөзінде Данияр Жиренбаев.

Дәрігер-анестезиологтың ақпаратына сүйенсек, аталған науқас Қонаев қаласының тұрғыны және ауруханада тіркелген. Бұған дейін бірнеше мәрте стационарлық ем алып жүрген. Бірақ, осы айда жағдайының күрт нашарлауына қант диабеті себеп болған.

Тегтер: дәрігерҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz