Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев, сондай-ақ қоғамдық институттар, әлеуметтік сала өкілдері, білім беру ұйымдарының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.

Кездесу барысында Аида Балаева ұсынылған Конституция жобасының негізгі мақсаты азаматтардың мүддесін қорғау және елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Ең алдымен, жаңа Конституцияның преамбуласына тоқталғым келеді. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленіп отыр. Бұл – мемлекеттік саясаттың философиясын түбегейлі өзгертетін қағидат», – деді вице-премьер.

Оның айтуынша, құжатта бірлік пен ынтымақтастық, этносаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік негізі ретінде бекітілген. Бұл нормалар көпэтносты Алматы облысы үшін ерекше маңызды екені айтылды.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жаңа құжатты әзірлеу кезеңдері туралы баяндап, жұмыс ашық әрі кезең-кезеңімен жүргізілгенін айтты.

«Уақыт өзгеріп жатыр, сондықтан жаңа Конституция да қажет болды. Қарашадан бастап парламенттік комиссия жұмыс істеді, кейін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12 отырысы өтті. Жалпы 130-ға жуық сарапшы мен заңгер қатысып, барлық процесс ашық форматта өтті», – деді депутат.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай адам капиталы мен жастар саясатының маңызын атап өтсе, Жанарбек Әшімжан құжатты жан-жақты зерделеудің қажеттігіне тоқталды.

«Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова отбасы құндылықтарының жаңа құжаттағы орнына назар аударды. Ал «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева әлеуметтік бағыттағы нормаларды атап өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілепов білім мен ғылымның конституциялық деңгейде бекітілуінің маңызын айтты.

Алматы облысына жұмыс сапары аясында жалпыұлттық коалиция мүшелері «Шин-Лайн» ЖШС және «Фирма-Бент» ЖШС ұжымдарымен кездесті. Аида Балаева қолданыстағы Конституция соңғы 30 жылда ел дамуына берік негіз болғанын атап өтті.

«Ғылым, білім, мәдениет және инновациялар алғаш рет конституциялық деңгейде нақты бекітіліп отыр. Себебі Ата заң – кейінгі заңнамалық әрі бюджеттік шешімдердің негізі», – деді ол.

Еңбек ұжымдарының өкілдері кадр даярлау, жұмысшы мамандықтарды қолдау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Коалиция мүшелері сондай-ақ Сүлейман Демирел атындағы университет студенттерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының білім экономикасын дамытудағы рөлін талқылады. Вице-премьердің айтуынша, құжатта сөз бостандығы, ғылыми және шығармашылық еркіндік, зияткерлік меншікті қорғау нормалары айқын көрсетілген.

«Жастар үшін бұл – еңбектерінің қорғалатынына деген сенім. Конституция идеялар мен инновациялардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Аида Балаева.

Кездесу соңында коалиция мүшелері азаматтардың референдумға белсенді қатысуы елді жаңғыртудың маңызды қадамы екенін атап өтті. Ұсынылып отырған Конституция жобасы қоғамның әділеттілік пен ашықтыққа деген сұранысын ескеріп әзірленгені айтылды.

Спикерлердің пікірінше, жаңа құжат азаматтардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға және елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz