Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қонаев қаласында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» тақырыбында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген жас буын қатысты.

Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушылар жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және жастардың ел дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Жиынды ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жалпыұлттық коалиция мүшесі Анас Баққожаев жаңа Конституция қоғам сұранысынан туындаған құжат екенін айтты.

«Бұл реформа – қоғаммен жүргізілген кең диалогтың нәтижесі. Мыңдаған ұсыныс ескеріліп, жаңа Конституция жобасы ашық талқылау негізінде әзірленді. Онда мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның құқықтары екені нақты бекітіледі. Жастар үшін бұл – тең мүмкіндіктерге, әділ бәсекеге және заң үстемдігіне негізделген болашақтың кепілі», – деді депутат.

Өз кезегінде өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Серік Нұрқадіров жаңа Конституцияның стратегиялық басымдықтарына тоқталды. Оның айтуынша, құжатта адам капиталына, білім, ғылым және инновацияны дамытуға ерекше мән берілген.

«Жастардың сапалы білім алуы, кәсіби қалыптасуы және азаматтық бастамаларын еркін жүзеге асыруы конституциялық деңгейде қолдау табады. Сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау нормасының енгізілуі – жаңа дәуір талаптарына берілген нақты жауап», – деді ол.

Сонымен қатар коалиция мүшелері Қазыбек Дауталиев пен Сергей Горяной конституциялық реформаның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне және азаматтардың, әсіресе жастардың белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында жастар өз ұсыныстарын білдіріп, жаңа Конституция жобасына қолдау танытты. Қатысушылар алдағы референдум ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды саяси науқан екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, азаматтардың барлық сауалына жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz