Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

Қонаевта триатлоннан ҚР чемпионаты және әуесқой спортшылар арасында «Темір Адам Кубогы» өтті.

29.05.2023
Аймақ

Чемпионат «спринт» қашықтығы бойынша, «Elite» (23 жастан жоғары) және «U19» (16-19 жас аралығында) санаттары үшін ұйымдастырылды.

Жарысқа 250 атлет қатысты. Бұл додада спортшылар 3 кезеңде бақ сынасты. Алдымен олар Қапшағай су қоймасында 750 метр қашықтықты жүзіп өтсе, кейіннен 20 шақырымдық веложарыс өтті. Ал 3-кезеңде атлеттер 5 шақырымға жүгірді.

«Темір Адам Кубогы» үшін ойын ережелері өзгертілген. Мұнда әуесқойлар 1500 метрге жүзді, велосипедпен 40 шақырым, жүгіріп 10 шақырымды бағындырды.

«U19» санатында қыздар арасында Ева Пинчук жеңіске жетті. Астаналық қыз бұл спорт түрімен бес жылдан астам уақыт айналысып келеді. Ал ерлер арасында Елмұрат Қанай (Алматы), Әли Жанат (Астана), Нұрасыл Халтаев (Түркістан облысы) жеңіске жетті.

«Elite» санатында әйелдер арасында астаналық Надежда Бекмағанбетова 1-ші болып келді. 2-орынды шымкенттік Арина Шульгина, 3-орынды Қостанай облысының тумасы Юлия Озерова иеленді. Сондай-ақ ерлер арасында Ақтөбе облысының спортшысы Дарын Қонысбаев 1-орынға тұрақтаса, 2-орынға алматылық Әнуар Тұрыбаев, 3-орынға астаналық Кирилл Рожков табан тіреді.

Айта кетейік, бұл шара ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тегтер: Алматы облысыспорттриатлон

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz