Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта тағы бір сквер пайда болады

Қонаев қаласында Қойшыманов көшесінде жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
13.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Жалпы аумағы 6527 м² болатын сквер қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналмақ.

Жоба аясында газон төсеу, автоматты суару жүйесін орнату, сәндік ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызу, орындықтар, әткеншектер мен ландшафттық элементтерді орналастыру көзделген. Кеңістік экологиялық, функционалдық және эстетикалық талаптарға сай жасақталады.

Мұндағы басты нысан – «Өмір ағашы» атты арт-нысан болмақ. Ол Алтын Адам киім үлгілерінің элементтері бейнеленген тас құрылым түрінде орындалады. Қасында осы бейнелердің тарихи маңызын баяндайтын QR-код орнатылады.

Сквер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді болады. Мұнда жаяу жүргінші жолдары, фотоаймақтар, қоршау мен аркалық құрылымдар қарастырылған. Автормен әзірленген тұжырымдамаға сәйкес, бұл жаңа кеңістік жай ғана демалыс орны емес, отбасылық серуен мен мәдени демалыстың мекеніне айналмақ.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz