Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта спинальды стенозға күрделі ота сәтті жасалды

Бұған дейін спинальды стеноз диагнозы қойылған науқастар ірі медициналық орталықтарға жүгінуге мәжбүр болатын. Ал бүгінде мұндай жоғары технологиялық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында сәтті жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2026
Аймақ

Осы күндері ауруханаға 58 жастағы науқас қатты бел ауруы мен қозғалыстың шектелуі шағымымен түскен. Оның айтуынша, әр қадам ауырлық тудырып, күнделікті өмірі бірнеше метр ғана ауырсынусыз жүрумен шектелген.

Мамандар жүргізген кешенді диагностикалық тексерулер нәтижесінде спинальды стеноз анықталған. Бұл – омыртқа арнасының тарылуы салдарынан жұлын мен жүйке тамырларының қысылуы. Дәрігерлердің айтуынша, уақытылы хирургиялық араласусыз мұндай жағдай ауыр неврологиялық асқынуларға және мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, МӘМС шеңберінде науқасқа омыртқа арнасының микрохирургиялық декомпрессиясы және гипертрофияланған байламды алу операциясын жасаған. Бұл – күрделі болғанымен, жоғары тиімділігімен ерекшеленетін хирургиялық араласу.

Операцияны жоғары білікті нейрохирург, омыртқа патологияларын емдеудің заманауи микрохирургиялық әдістеріне маманданған Марат Римұлы Гизатуллин орындаған. Ал ота барысында наркоз жүргізіп, науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстаған реаниматолог-анестезиолог дәрігер Рият Айсамжанұлы Бакриев болған.

Дәрігерлердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысы операцияның қауіпсіз өтуіне ықпал етіп, асқыну қаупін төмендетіп, қалпына келу процесін жеделдеткен.

Операция сәтті өтіп, бірнеше күннен соң науқас ауырсынудың айтарлықтай азайғанын және жалпы жағдайының жақсарғанын сезінген. Қазіргі уақытта ол дәрігерлерге ерекше алғыс білдіріп отыр.

«Осындай күрделі операцияның Қонаевта жасалатынын күтпедім. Марат Римұлына, Рият Айсамжанұлына және аурухананың барлық ұжымына кәсібилік пен ілтипаттылықтары үшін үлкен алғыс айтамын», – дейді науқас.

Мамандар бұл жағдай өңірлік медицинаның дамуының нақты көрінісі екенін атап өтеді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы бүгінде заманауи құрал-жабдықтармен, жоғары білікті кадрлармен және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген.

Енді Алматы облысының тұрғындары сапалы медициналық көмекті өз өңірінде ала алады. Бұл ұзақ күтуге, басқа қалаларға шығынды сапарларға шығуға қажеттілікті азайтып, науқастарға жергілікті деңгейдегі жоғары білікті мамандарға сенім артуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz