Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

Қонаев қаласында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың ведомствоаралық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жиынға өңір басшылығы, аудан әкімдері және салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыста 2025 жылдың қорытындылары қаралып, жастар арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу және алдын алу шараларын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда есірткі заттарын тарату көбіне интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты заңсыз онлайн контентке және күмәнді қаржылық операцияларға бақылау күшейтілген.

Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы облыс аумағында 11 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленіп, синтетикалық есірткі дайындайтын екі жасырын зертхана жойылған.

Сонымен қатар есірткі қылмысына қатысы бар төрт кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.

Жиын барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев нашақорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық сала өкілдерінің бірлескен жұмысын талап ететінін айтты.

«Полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, жастар саясаты саласы – бәрі бірлесе жұмыс істемесе, бұл проблема жойылмайды. Біз көбіне тек сатушылармен айналысып келеміз, ал тұтынушылармен жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мектептердің, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналардың ортақ міндеті», – деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, әсіресе мектептер мен колледждерде алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу маңызды. Осы орайда:

  • түсіндіру шараларын тұрақты өткізу;

  • жастар мен жасөспірімдерді кеңінен қамту;

  • интернет пен әлеуметтік желілердегі есірткі жарнамаларына қарсы бақылауды күшейту тапсырылды.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша нашақорлықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Алдағы уақытта мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, ата-аналар және қоғамдық бірлестіктердің бірлескен жұмысы күшейтіліп, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға бағытталған кешенді шаралар жалғасын таппақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz