Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекеттік Ту 55 метрлік тұғырға көтерілді

Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды 55 метрлік тұғырға көтеру салтанаты өтті. Елдік пен Тәуелсіздіктің символына айналған бұл рәсім Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
30.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара Мемлекеттік Туды алып кіруден және Әнұранды орындаудан басталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

Өз сөзінде өңір басшысы:
«Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдары мен тұрақтылығының кепілі. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасты. Алматы облысы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қонаев қаласының жаңа мәртебесі мен Алатау қаласының құрылуы – өңір дамуының айқын дәлелі», – деп атап өтті.

Мерекеге орай 28 тұрғын марапатталды. Олардың ішінде «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі иегерлері, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болған азаматтар бар.

Жалпы, Алматы облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық адам қатысты.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарконституция күнімемлекеттік ту

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz