Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта кең ауқымды Наурыз тойы өтті: 100 домбырашы Тілендиевтің күйін орындады

Қонаев қаласында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы кең көлемде, ұлттық рухты сезіндіретін жоғары деңгейде аталып өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қаланың орталық алаңында өткен мерекелік шаралар ел бірлігі мен мәдениеттің көркем өрнегіне айналды.

25 киіз үй тігілген этноауылда ұлттық дәстүрлер таныстырылып, келген қонақтарға наурыз-көже, бауырсақ пен қымыз ұсынылды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыстық ерекшеліктері көрермендерге кеңінен көрсетілді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Наурыз тойына арнайы қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол:

«Бұл мейрам бізді біріктіретін, жаңаруға жетелейтін ұлы күн. Дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу — халқымыздың тұтастығы мен қуатын арттырады», — деп атап өтті.

Мерекелік іс-шараға Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Түркия, АҚШ, Моңғолия, Үндістан елдерінің дипломатиялық миссиялары мен БҰҰ өкілдері, сондай-ақ белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Бұл — Наурыздың халықаралық деңгейде мойындалған, баршаға ортақ құндылық екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Мереке аясында қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ашық аспан астындағы концерттер ұйымдастырылды.

Қалалық саябақ пен орталық алаң мейрамның рухын толық сезіндіріп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Алайда көрермендерді ерекше тебіренткен сәт.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған күй тарту болды.

Талғар ауданының мектеп оқушылары қатысқан “Күй күмбірі” челленджінде 100-ге жуық домбырашы бір мезетте “Ата толғауын” орындап, ұлы сазгерге деген құрметті күймен жеткізді.

Бұл – тек өнер емес, ұлттық рухтың жаңғырығы еді.

21 наурыз кешінде танымал әншілердің қатысуымен өткен гала-концерт мерекелік көңіл-күйді шарықтау шегіне жеткізсе, 22 наурыз күні барлық аудан мен ауылдық округтерде Наурыз кеңінен жалғасын тапты.

Тегтер: Алматы облысынаурыз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz