Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта интернет-алаяқтық деректері азайды

Қонаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және алаяқтыққа жол бермеу мәселелеріне арналған активпен кездесу өтті. Жиын «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуге Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов төрағалық етті.

Іс-шара барысында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлібек Керім Алматы облысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен интернет-алаяқтықтың алдын алу тетіктері, сондай-ақ қылмыскерлер қолданатын жаңа схемалар туралы баяндады.

Оның айтуынша, өңірде 2024 жылы алаяқтықтың 1470 дерегі тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1711-ге жеткен. Осылайша, жалпы алаяқтық қылмыстарының саны 16,4 пайызға артқан.

Сонымен қатар облыста интернет-алаяқтық қылмыстарының саны төмендегені атап өтілді. Мәселен, 2024 жылы 75 интернет-алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 35-ке дейін қысқарған. Бұл қабылданып жатқан алдын алу шараларының тиімділігін көрсетеді.

Полиция өкілінің мәліметінше, алаяқтар жиі қолданатын тәсілдердің қатарында SMS-код сұрату, жалған инвестициялық жобалар арқылы табыс уәде ету, іс жүзінде жұмыс істемейтін интернет-дүкендер, сондай-ақ делдалдық сипаттағы «дроперлік» схемалар бар.

Ал Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке қабылдау үдерісі толықтай цифрландырылып жатыр.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың айтуынша, алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

«Былтыр “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жоғары сынып оқушылары арасында сурет салу, эссе жазу және дебат бағыттары бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары шеңберінде бейнероликтер әлеуметтік желілерде таратылды. Қала тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерімен және жастармен барлығы 15 кездесу өткізілді», – деді қала әкімі.

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz