Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта дауыл соғып, шатырларды ұшырып әкетті

Демалыс күндері Алматы облысының орталығында күн райы құбылмалы болып тұр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

21.05.2023
Аймақ
Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Мысалы, 20 мамыр күні таңертең жылы болып тұрды да, түс қайта дауыл соқты. «Қазгидромет» мамандарының алдын ала жариялаған деректері бойынша Қонаевта желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, жаңбыр жауды, ал облыстың таулы аудандарында 24-29 м/с-қа дейін ұлғайды.

Нәтижесінде Қонаевта 2-3 ш/а-да ағаш құлап, электр сымдарына, тұрақтағы 3 көлікке зақым келтірді. Қаладағы кей көпқабатты үйлерде жарық өшті. Шаһардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі (ТҮКШ) құлаған ағаштарды кесіп, жолды ашты. Әзірше, көліктерді кім қалпына келтіріп беретіні белгісіз.

«Автокөлік иелері әкімдікке арызданса, мамандар ағаштардың пәтер иелері кооперативінің не ТҮКШ балансында болғанын анықтайды. Содан кейін ғана көлік иелері өтемақы алуы мүмкін. Бірақ, бұл ұзаққа созылады. Мұндайда сақтандыру компаниялары көлік иелеріне көмектесуі тиіс. Алайда, бұл біздің құзіретіміздегі іс болмағандықтан, нақты ештеңе айта алмаймыз», — деді Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Екатерина Колесниченко.

Ал қала маңында орналасқан әскери қалашықтағы көпқабатты үйдің бірінің шатыры ұшып кеткен. Араға 30 минут салып, қалашықтың коммуналды жұмыстарына жауаптылар шатырды қалпына келтіре бастады.

Абырой болғанда, жоғарыда аталған жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтардауылҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz