Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта австралиялық технологиямен инновациялық балық зауыты салынады

Балық өнеркәсібі кешені жылына 10 мың тоннаға дейін теңіз балығын өсіретін болады.

14.12.2022
Аймақ

Алматы облысының инвестициялық форумы аясында тиісті меморандумға қол қойылды. Құжатқа Алматы облысының әкімі және «Оспанова Девелопмент» ЖШС директоры Максим Бектемісов қол қойды.

Инновациялық жоба озық австралиялық технология бойынша іске асырылатын болады. Өндіріс қуаттылығы бастапқыда 1 мың тоннаны құрайды, одан әрі 10 мың тоннаға дейін балық көлемі ұлғаяды.

Кәсіпорын бастапқыда нысанды пайдалануға беру кезінде басқа түрлерді енгізу мақсатында азиялық теңіз алабұғасын (баррамунди) өсіруді жоспарлап отыр. Балық өсіру үшін жабық сумен жабдықтау қондырғыларын қолдану табиғи жағдайлармен салыстырғанда 2-3 есе жоғары нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Кешен қызметінің негізгі түрлері:

— жылына 10 000 тоннаға дейін бағалы, тез өсетін теңіз балықтарын өсіру;
— балықты қайта өңдеу;
— жем өндіру;
— дайын өнімді мұздату және сақтау;
— балық майы мен балық ұнын өндіру.

Жобаның жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру өз қаражаты есебінен (20%), сондай-ақ 10 жыл мерзімге банктің қарызы есебінен жүргізіледі.

Компания жобаны екі кезеңде жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

— бірінші кезең — зауытты 2023 жылы іске қосу, қуаттылығы жылына 1 мың тонна балық,
— екінші кезең — 2024 жылы қуаттылықты 10 мың тоннаға дейін арттыру.

Зауыт Қонаев қаласында орналасады. Қазіргі уақытта ауданы 27 га жер учаскесінде жобаның жоспарлау жұмыстары басталды.

Тегтер: Алматы Форумы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz