Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта апатты үй өртенді: зейнеткерге жаңа пәтер беріледі

Қонаев қаласында 16 қыркүйек күні сағат 20:56-да Графтио көшесі №2В мекенжайында орналасқан тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған үй апатты деп танылып, «Реновация» бағдарламасына енгізілген болатын. Бағдарлама аясында көпқабатты үйдің тұрғындары бұған дейін өз пәтерлерінен көшіріліп, оларға жаңа баспана сатып алу үшін бюджеттен қаражат бөлінген. Конкурстық рәсімдер қаладағы ТҮКШ бөлімі арқылы жүргізілді.

Қазіргі таңда бұл үйде тек бір пәтерде зейнеткер тұрып келген. Абырой болғанда, өрт оның пәтеріне жетпей, зақым келтірмеген.

Оқиғадан кейін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов зейнеткерді қабылдап, алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы мәлімет берді. Шаһар басшысының айтуынша, зейнеткердің қазіргі пәтерінің орнына басқа тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер сатып алынып, заң аясында рәсімделіп беріледі.

Бүгінде зейнеткер туыстарының үйінде уақытша тұрып жатыр. Пәтердің кілті табысталған сәтте қосымша ақпарат жарияланатын болады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz