Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта автобуста қатынау бағасы 40%-ға қымбаттайды

20 тамыздан бастап қала ішінде бір рет жол жүру құны электронды билет жүйесі немесе мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде – 120 теңге, ал қолма-қол төлегенде 200 теңге болады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
18.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Тарифтің өсуі тасымалдаушылар шығындарының артуына, автобус паркін жаңартудың қажеттілігіне және қоғамдық көлік қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге байланысты.
?Жолақы неге қымбаттады?
Жанар-жағармай бағасының өсуі
Соңғы үш жылда бензин мен дизель отыны шамамен 40%-ға қымбаттады. 2023 жылы литрі 200–230 теңге болса, 2024 жылы – 240–270 теңге, ал 2025 жылы баға 290–310 теңгеге дейін жетті.
Автобустарды күтіп ұстау құнының өсуі
2023 жылдан бері қосалқы бөлшектер, майлау материалдары, сүзгілер мен жөндеу жұмыстары 30–40%-ға қымбаттады. Сондай-ақ шинаның бағасы да едәуір өсті: егер бұрын бір дөңгелек 106–118 мың теңге тұрса, биыл 136 мың теңгеден асып отыр.
Бюджетке түсетін жүктемені азайту
Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар бағыттар республикалық бюджеттен субсидияланады. Жолақының өсуі бюджетке түсетін салмақты азайтып, қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
?Қала маңына қатынайтын бағыттардағы жаңа тарифтер
•Қонаев – Заречный, Қонаев – Арна: электронды жүйе арқылы – 150 теңге, қолма-қол – 300 теңге.
•Қонаев – Шеңгелді, Қонаев – Қоскұдық: электронды жүйе арқылы – 200 теңге, қолма-қол – 400 теңге.
•Қонаев – Сарыбұлақ, Қонаев – Кербұлақ: электронды жүйе арқылы – 200 теңге, қолма-қол – 500 теңге.
Тегтер: автобус құныалматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтаржол жүру ақысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz