Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының даму жоспары талқыланды: жаңа жобалар мен өзекті мәселелер қаралды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары аясындағы іс-шараларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында қалалық жобалардың жүзеге асу барысы сараланып, проблемалық мәселелер қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Кеңес барысында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов соңғы үш жылдағы даму көрсеткіштері туралы баяндап, инвестициялық жобалар, туризм, құрылыс және сәулет салаларындағы өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, 2022–2025 жылдары қалада 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 46,3 млрд теңгеге 350-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған. Биыл тағы 4 жобаны аяқтап, 190 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Туризм инфрақұрылымын дамыту бағытында №6 және №7 жағажайлар мен демалыс аймақтарын жаңғырту үшін 2,3 млрд теңге қажет. Сонымен қатар, «Көшпенділер қаласы» бизнес-нысандарын электрмен қамту жобасына түзетулер енгізіліп, биыл бұл мақсатқа 350 млн теңге сұралуда. Іле өзені арқылы өтетін ұзындығы 300 метрлік жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы әзірленіп жатыр. Ол «Көшпенділер қаласы» мен «Тамғалы-Тас» туристік аймақтарын байланыстырады. Бұдан бөлек, «Қонаев – Баканас» тас жолынан «Тамғалы-Тасқа» дейін 8,2 шақырым автожол салу көзделген.

Энергетика саласында негізгі жоба – «Арна» түйіндік қосалқы станциясының құрылысы. Бұл нысан Қонаев және Алатау қалаларының дамуына серпін береді. Сондай-ақ Жаңа Іле мен 10-шағынаудан аумақтарында тағы төрт қосалқы станция салу жоспарланған.

Қаланы газдандыру кезең-кезеңімен жалғасуда. Жоба Спутник, Рауан, Арна, 12А, 12Б, 19–20 шағынаудандарын қамтиды. Сонымен бірге Шеңгелді ауылдық округі мен демалыс массивтері үшін газ желілерінің жобалары әзірленіп жатыр. Дегенмен тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан газ желілерін қосу және қызмет көрсету мәселелеріне қатысты шағымдар түскені айтылды.

Құрылыс саласында соңғы үш жылда атқарылған жұмыстар көлемі 35,9 млрд теңгеге жетіп, 94 474 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Әлеуметтік осал топтарға арналған 456 пәтер 10,3 млрд теңгеге сатып алынған.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов 2023–2027 жылдарға арналған Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 187 іс-шара қарастырылғанын атап өтті. 2026 жылдан бастап бұл шаралар облыстың даму жоспарына біріктірілген. Оның ішінде 18 жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы баяндап, Департаменттер үйі, облыстық сот ғимараты, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нысандары сияқты жобалар жоспарланғанын жеткізді. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен драмалық театр салу, жеке инвестициялар есебінен «Қонаев-Арена» стадионы, Мектеп оқушылары сарайы және зерттеу зертханасы бар мұражай салу көзделіп отыр.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту аясында мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 438 гектар аумақта кәріз-шаю құрылыстары жүргізіледі. «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы бойынша жалпы құны 74,92 млрд теңге болатын 15 жоба әзірленген. Бұл 98,26 шақырым су, жылу және электр желілерін жаңартуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласына қатысты облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жер ресурстарын тиімді пайдалану жұмыстары туралы баяндады. 2022 жылдан бері 47,8 мың гектар пайдаланылмаған жер анықталып, оның 27,8 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Биыл тағы 17 мың гектар жерді айналымға енгізу жоспарланған. Сонымен қатар су үнемдейтін технологияларды қолдану көлемі 1,4 мың гектардан 5,2 мың гектарға дейін ұлғайған.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz