Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов тұрғындарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Қабылдау барысында қала тұрғындары кәсіпкерлік нысанын салуға жер учаскесін бөлу, сондай-ақ баспана мәселесіне қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Әкімнің айтуынша, заңнамаға сәйкес бизнес мақсатындағы жер учаскелері аукцион арқылы беріледі және бұл процеске кез келген азамат қатыса алады. Шаһар басшысы аукцион тәртібі мен талаптарын түсіндіріп, жиһаз цехын ашуға арналған жер телімдерін ауылдық аумақтардан қарастыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар қабылдауға келген тұрғындардың бірі «Отбасы банк» АҚ арқылы баспана сатып алу кезінде құжат рәсімдеуде қиындықтар туындағанын жеткізді. Әкімнің тапсырмасымен бұл мәселе бойынша қалалық әкімдіктің заң бөлімі мамандары көмек көрсететін болды.

Тағы бір тұрғын — зейнет жасындағы әжей пәтерге кезекке тұру мәселесін көтерді. Бұл сұрақ та назардан тыс қалмай, тиісті мамандарға тұрғынға толық сүйемелдеу көрсету тапсырылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, орындау үшін қала әкімдігінің тиісті бөлім басшыларына жолданды.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz