Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының әкімі газ тартудың неліктен бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

Кезекті өткен брифинг барысында Қонаев қаласының әкімі шаһарды, оған қарасты ауылдарды газға қосу неліктен бәсеңдеп қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

03.06.2023
Аймақ

Айтуынша, Шеңгелдіге газ тарту 2025 жылға қалдырылды. Себебі, қалада газдан басқа жүзеге асырылуы қажет бірнеше ірі жобалар бар. Ал қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындары газ қосуға бірауыздан келіспей, кикілжің болған. Қазіргі таңда бұл мәселе шешілді.

Жалпы көгілдір отынды тарту жұмысымен «Қонаев аймағының газ жүйелері» серіктестігі айналысады. Әкімдікпен екіжақты келісім негізінде компания биылғы жылдың аяғына дейін қаладағы барлық көпқабатты тұрғын үйлерді газға қоспақ. Ол үшін әр пәтер иесі тек 94 800 тг ақша төлейді.

Сондай-ақ Нұрлан Құматаевтың сөзінше, қаладағы шағынаудандарға газ тарту үшін жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 1 жыл кеткен. Биыл ықшамаудандар мен Арна, Заречный ауылдарын газға қосу басталады. Жеке үйдің газға қосылу құны 350 мың теңге.

Айта кетейік, Қарлығаш ы/а-да автоматтандырылған газ тарту стансасы бар. Қала сол жерден газ алып отыр. Оның қуаттылығы 50 мың куб. Бұдан бөлек, Заречный ауылындағы орталық қазандықтың қуатын арттыру және газға ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге биыл 9,9 млн. теңге бөлінген.

Тегтер: Алматы облысыәкімБасты жаңалықтаргазҚонаевНұрлан Құматаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz