Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының әкімі ауыл мектебіндегі асхана жұмысын тексерді

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Шеңгелді ауылдық округі Кербұлақ ауылындағы мектеп асханасының жұмысын тексерді.

11.10.2023
Аймақ

Шаһар басшысы, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының тамақ мәзірін қарап шықты.

 «Бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Балалардың сапалы тағамдарды пайдаланғаны дұрыс. Сіз жас директор ретінде оқу процесінен бөлек, осы мәселені үнемі назарда ұстауыңыз қажет», — деді әкім.

Мектеп директорының айтуынша, 1-4-сыныптарда 172 бала білім алады. Олардың барлығына ыстық тамақ беріледі.

Асхана жұмысынан басқа, Нұрлан Құматаев мектептің жылыту маусымына дайындығын, қауіпсіздік жүйесінің жұмысын (бейнебақылау камералары мен арнайы қондырғылар), ішкі дәретханалардың талапқа сәйкестігін тексерді.

 «Келесі аптадан жылыту маусымы басталады. Мамандар қысқа дайынбыз деп мәлімет берді. Барлық мектептер жылы, балалардың оқуына ыңғайлы болуы қажет. Мен бұл сұрақты бақылауда ұстайтын боламын», — деді Нұрлан Құматаев.

Қорыта келе, қала әкімі басқа да мектептерді аралап шығатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыасханаәкімҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz