Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында жол инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүргізіліп жатыр

Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылы қала аумағында бірқатар ірі жобалар іске асырылып, кейбірі толық аяқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жыл ішінде «Көшпенділер» қалашығына дейін 6,8 шақырым жаңа жол салынды. Аталған аумақта жол бойы толық жарықтандырылып, қалашық кіреберісінде арнайы автотұрақ ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Қарлығаш» ықшамауданында 7,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында 8,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу, аялдамалар орнату және көше жарығын жүргізу көзделген. Аталған жоба өтпелі болып саналады және жұмыстар биыл жалғасады.

Кешенді даму жоспарына сәйкес, Шеңгелді ауылдық округі аумағында 29,2 шақырым жол жөнделді. Атап айтқанда:

  • Кербұлақ ауылы – 8,1 км (19 көше);

  • Сарыбұлақ ауылы – 9,2 км (14 көше);

  • Ақөзек ауылы – 4,0 км (6 көше);

  • Қосқұдық ауылы – 7,7 км (8 көше).

Жолдарды күтіп ұстау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында бірқатар ағымдағы жұмыстар да атқарылды. Атап айтқанда, 4 000 шаршы метр шұңқыр жамалып, 1 300 метр аумақта ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 520 жол белгісі мен 14 жасанды жол дөңесі орнатылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қонаев қаласында қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 90 пайызға жеткен.

Қала билігінің мәліметінше, жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасады.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz