Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласы: жарықтандыру мәселесі абаттандыру жұмыстары аяқталғанда шешіледі

Бұл туралы Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет баспасөз брифингінде айтты.

30.11.2022
Аймақ

«Соңғы уақытта шаһар көшелерінде, аулаларда жарық жоқтығына шағымданатын тұрғындар көбейді. Бұл шағымдар бойынша әр шағын ауданның бөлек тізімі жасалып, олқылықтардың орнын толтыру үшін бригадалар жұмыс істеп жатыр», — деді Марлан Жолдахмет.

Оның айтуынша, 2021 жылдан бастап қаланың ескі шамдары жаңа диодты шамдарға ауыстырылып жатыр.

«Былтырғы жылдың өзінде 400 шам ауыстырылды. Бұдан бөлек, жарық бағаналары орнатылып жатыр. Атап айтсақ, №18-ш/а-да – 80, №19 және №20-ш/а-да – 77, Рауан ш/а-да – 99, 4 және 7-саяжай массивіне барлығы 37 бағана қойылды», — деді әкім орынбасары.

Марлан Жолдахметтің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда қаланың облыс орталығына айналуына байланысты шаһардың көптеген аудандарында құрылыс жүріп жатыр. Сол себепті абаттандыру жұмыстары аяқталған соң ғана қаланың жарық мәселесі өз шешімін табады.

Тегтер: Қонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz