Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қалалық ауруханасы «Аккредиттеу» байқауынан ІІІ орынды иеленді

17 қыркүйек – Халықаралық науқастардың қауіпсіздігін сақтау күні. Осыған орай, Астана қаласында халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.09.2022
Аймақ
Сурет "Аккредиттеу орталығының" Facebook парақшасынан

Сурет "Аккредиттеу орталығының" Facebook парақшасынан

Елімізде бұл форум дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биыл жиын «Зиянсыз дәр-дәрмектер» тақырыбында өтті. Форум аясында қазақстандық «Аккредиттеу орталығы» денсаулық сақтау мәселелері және ұлттық аккредитация бойынша видео-байқау жариялады.

«Біздің аурухана «Қызықты әңгімелесу» номинациясынан ІІІ орынды иеленді. Және сәуірде өткен зерттеу нәтижесінде аккредиттеудің І санатындағы ауруханалар тізіміне енді. Қуанышымызда шек жоқ», — дейді аурухананың бас дәрігері Айман Ғалымжанқызы.

Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда орналасқан аурухана мен емханалардың, медицина орталықтарының 46 пайызы аккредиттеуден өтті.

Және ол І санаттағы аккредиттеуді иелену – аурухананың денсаулық сақтау саласында біршама алға жылжығанының белгісі екенін айтты.

Айта кетейік, ҚР-да аккредиттеудің бұл түрі –  медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде мемлекеттік тапсырысты алу үшін көп артықшылық береді.

 

1 of 2
- +
Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz