Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 9 шілдеге арналған ауа райына қатысты болжамдарымен бөлісті.

09.07.2023
Аймақ

Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде тұрақсыз ауа райының сипаты сақталады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы болады деп күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», — дейді «Қазгидромет» РМК.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өте ыстық болады деп болжанады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы қаласының орталығында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтарҚазгидромет

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz