Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында Республика күніне арналған шара өтті

Егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке алғашқы қадамы жасалынған 25 қазан Республика күні – мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін мән-маңызы айрықша үлкен. Кеше Қарасай жерінде Ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты түрде аталып өтті.

26.10.2023
Аймақ

Аудандық Мәдениет үйінің алаңында ұйымдастырылған шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Жасұлан Естенов ұлттық құндылықтан дәріптеуге арналған көрмені тамашалады. Одан кейін ресми бөлімге кезек беріліп, сахнаға ҚР Туы салтанатты түрде әкеленініп, Гимнді ауданның өнерпаздары жанды дауыста шырқады.

Құттықтау тілегін білдіру және марапаттау үшін ортаға шыққан аудан басшысы Жасұлан Тоққожаұлы осынау ұлық мерекенің мән-маңызына жан-жақты тоқталып қана қоймай, өңірде ауқымды жұмыстар атқарылғанымен, келер жылы одан да көптеген істер күтіп тұрғанын айтып өтті.

Мұнан кейін Жасұлан Естенов ауданның өркендеуіне үлес қосып, белсенділігімен танылып жүрген бірнеше қарасайлыққа «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» куәлігі мен төс белгіні табыстап, атқарып жүрген жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар ауданның өркендеуі жолында атқарып отырған белсенді қызметі үшін өз атынан бірқатар аудан азаматтарын Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерейлі мереке қарсаңында өтіп жатқан шарада спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Қол күрес, асық ату, тоғызқұмалақ, аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлерінен спортшылар бақ сынасты. Нәтижесінде Алмалыбақ мектеп-гимназиясының ұстазы Ержан Омаров қойды көтеру жарысында үздік атанып, көтерген қойын сыйлыққа алды.

Республика күні мерекесіне арналған салтанатты шара әрі қарай аудандық Мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты. Сүйікті Отан, егемен ел, туған жер тақырыбын арқау еткен әншілер патриоттық әндер шырқаса, ұлттық аспап домбыраның шанағынан төгіле күй шертіліп, мың бұралған өнерпаз қыздар әдемі би биледі.

Тегтер: Алматы облысыҚарасай ауданыРеспублика күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz