Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағай жағалауындағы 42 жер телімі мемлекетке қайтарылады

Бүгін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаевпен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

02.06.2023
Аймақ

Брифинг барысында тілшілер әр көлікке 5000, адам басына 1500-2000 теңге алатын, бірақ еш жағдайы жасалмаған, құтқарушысы жоқ жағалаулар туралы мәселе көтерді. Шаһар басшысының айтуынша, бұл түйіткіл қала әкімдігінің жіті бақылауында. Мемлекет меншігіне жағалаудағы 42 жер телімі қайтарылады.

«Кезінде заман кішкене басқаша болып, жағажайлардың көбі жекеменшікке өтіп кеткен. Қазіргі таңда жағалаудағы 42 жер телімін мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Жер иелеріне 90 күн алдын ала хабарлама берілді. Мемлекеттік акт шығып, құжаттары түгел болған соң, мәселе тек сот арқылы шешілмек. Бүгін де облыстық сот мамандарымен осыны талқыладық», — деді Нұрлан Құматаев.

Қонаев қаласының әкімі биыл еш заңсыздықтар орын алмайды — деп сендірді. Бұдан бөлек, ол ойынханалар жағалай орналасқан Индустриальная көшесіндегі бос, пайдаланылмай жатқан жер телімдері де мемлекетке қайтарылғанын айтты.

«Қазір қалада әлеуметтік, мемлекеттік органдардың нысандарын көптеп салу керек. Тұрғындар саны күннен күнге артып келеді. Ал жерді сатып алу үшін бір тиын да бөлініп отырған жоқ. Сондықтан жер иелерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді қала әкімі.

Тегтер: Алматы облысыжер теліміҚапшағайҚонаев қаласымемлекетНұрлан Құматаев

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz