Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағай көліне 8000-нан астам шабақ жіберілді

Бүгін Шеңгелді ауылдық округі маңында орналасқан "Жетісу" ЖШС-не қарасты балық шаруашылығы Қапшағай су қоймасына 8000-нан астам тұқы (карп, сазан) тұқымдас шабақ жіберді.

04.11.2022
Аймақ

Бұл шабақтар Көлді ауылынан әкелінді.

«Қапшағайда балық қорын бірқалыпты ұстау мақсатында жылда балықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бүгін біз бір ғана серіктестіктің шабақ жібергенін көріп отырмыз. Ал кейбір ірі шаруашылықтар өз учаскесіне 10-15000 шабақ жібереді», — деді Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдар Мағзумов.

Оның айтуынша, Қапшағай су қоймасы төңірегінде 14 табиғи ресурсты пайдаланушы серіктестік бар. Оларға биыл 1121 тоннадан астам балықты аулауға рұқсат берілді. Бұдан бөлек, 24 балық шаруашылығы учаскесі өз жұмысын дөңгелетіп отыр.

«Бұл көлде балықтың 10 түрі мекендейді. Олар: сазан, көксерке (судак), ақмарқа (жерих), жайын (сом), қаракөз (вобла) және т.б.», — деді Айдар Мағзумов.

Сонымен қатар ол өңірде осы кәсіптің тасын өрге домалату үшін Алматы агломерациясына қарасты аудандарда бекіре, форель, сазан өсіретін жаңа өндірістік орындар ашылып жатқанын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Қапшағай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz