Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қаңтар оқиғасы: 24 адамды азаптаған полицейлердің ісі сотта қаралып жатыр

Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамды азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

04.11.2022
Аймақ

Жәбірленушілердің өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінген.

Атап айтқанда, олар өз шағымында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндік жоқ екеніне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екенін, ал сот залы тар екенін айтқан.

Жәбірленушілер мен сотталушылар бір жерде отырғандықтан, сотталушылар моральдық және психологиялық қысым жасайды. Сондай-ақ аудармашының жұмысына да шағым түсті.

Жәбірленушілер сот процесінде синхронды аударма жасауды бірнеше рет өтінсе, ол ескерусіз қалып отыр.
Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қылмыстық істі қарау тәртібінің жоқ екенін де атап өтті.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көптеген адамға физикалық күш қолданғаны туралы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану туралы хатпен жүгінді. Уәкілдің өтінішін қарау нәтижесі бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген заңбұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келіп түсті», — делінген хабарламада.

Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады.

Бұдан бөлек, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаттарының шағымы ішінара қанағаттандырылды.

Тегтер: қаңтар оқиғасы

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісіне 39 млрд теңге инвестиция салынады

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында жылына 200 тонна балық өндіретін жаңа кешен іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысы экспортқа бағытталған өндіріс орталығына айналып келеді

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Марат Сұлтанғазиев: «Алматы облысында туризм экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс»

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz