Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

Бүгін өңір басшысы Қонаев қаласындағы құрылыс алаңдарын аралады.

24.05.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Облыс әкімі ең бірінші қаладағы №8 жағалауға барды. Бұл жерді абаттандыру жұмыстарын «Golden City» компаниясы жүргізіп жатыр. Серіктестік маманының айтуынша, жоба 2021 жылы басталған. Бірақ кейіннен жоба өзгеріске түсіп, құжаттарға түзетулер енгізілген.

«Жағажайдың жалпы аумағы 25 гектар. Бұл жер №7 жағажайдың жалғасы деуге болады. Қазіргі таңда жер жұмыстары аяқталды. Мұнда веложүргізушілер мен жаяу жүруге арналған жолдар, арықтар, бизнес нысандары, спорт алаңы, медициналық пункт салынады», — деді таныстырылым жасаған қала әкімі Нұрлан Құматаев.

Фото: Аслан Қажеке

Серіктестік биылға қаржы бөлінбеуінің себебінен жұмысты тоқтатқан. Десе де, мұнда 40 адам жұмыс істеуге дайын тұр.

«Жұмысты екі айда аяқтаймыз деп отырсыздар. Ол өте ұзақ уақыт. Жағажай биылғы шомылу маусымында пайдалануға берілуі тиіс, оған шамамен 1 ай уақыт бар. Қаражат жеткіліксіз болса, банктермен сөйлесіңіздер. Сіздерді мердігер компания деп сеніп, таңдадық. Жоба уақытылы өз межесіне жетуі қажет. Жұмысқа қызметшілерді көбірек тартыңыздар. Тамызда бұл жағажай ешкімге керексіз болып қалады», — деді мердігер компанияға тапсырма берген Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Бұдан бөлек, әкім №5 жағажайға да барды. Бұл жерде балалар алаңы, шатыр астындағы кофетерий, воркаут алаңы, балаларға арналған бассейн, пирс, веложүргізушілер жолы салынады. Жағажай 60 метрге ұлғайтылды. Ол жерде бизнес нысандары орналасады. Айта кететін жайт, қалада веложүргізушілер жолы 5 шақырымды құрайтын болады. Нәтижесінде мұнда «Ironman» секілді ірі спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік ашылады.

Ал 2 жолақтыдан 4 жолақты жолға үлкейтіліп жатқан Сейфуллин көшесіне барған облыс әкімі көшенің тым тар екенін айтты.

Фото: Аслан Қажеке

«5 шақырымға созылатын жол көлік жүруге ыңғайлы болуы тиіс. Жолақтың енін 15 метрге дейін созу қажет. Сонымен қатар бұл көше барлық демалыс орындарына апаратынын ұмытпауымыз керек. Яғни, күндіз де, түнде де көлік ағыны айтарлықтай көп. 43 адам жұмыс істеп жатыр екен. Бұл да өте аз. Адамдарды көбірек тартып, екі ауысымда жұмыс жасау қажет», — деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

Жолдың құрылысы қазан айында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өңір басшысы скейт парк пен Орталық алаңға да ат басын бұрды. Қаладағы скейт парк шетелдік стандарттарға сай жасалып жатыр. Екі нысанның құрылыс жұмыстары 1,5-2 ай шамасында аяқталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Новый праздник появился в Казахстане

Николай Иващенко
20.04.2026

Спасательная операция на высоте 3300 метров

Николай Иващенко
20.04.2026

Участок дороги перекроют на ремонт в Алматинской области

Николай Иващенко
20.04.2026

11 человек пострадали в ДТП на трассе в Алматинской области

Николай Иващенко
20.04.2026

Скончался казахстанский поэт, драматург и общественный деятель Мухтар Шаханов

Николай Иващенко
20.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz