Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Науқас қайта естиді: Алматы облысында сәтті құлақ отасы жасалды

Алматы облысында дәрігерлер құлаққа күрделі ота жасап, науқастың есту қабілетін қалпына келтірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

1962 жылы туған азамат Алматы көпсалалы клиникалық ауруханаға сол жақ құлағынан ұзақ жылдар бойы тоқтамай ірің ағуы және есту қабілетінің төмендеуі шағымымен жүгінген. Тексеру нәтижесінде науқаста II дәрежелі аралас есту қабілетінің нашарлауы және дабыл жарғағында перфорация (тесік) бар екені анықталды.

Аурухана оториноларингология бөлімінің мамандары дабыл қуысын толық тексеріп, тимпанопластика жасау туралы шешім қабылдады. Бұл — дабыл жарғағының тұтастығын қалпына келтіріп, естуді жақсартуға арналған жоғары дәлдікті ота түрі. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалды.

Оториноларингология бөлімінің меңгерушісі Асель Иманғалиева операция нәтижесінің тиімділігін атап өтті:

«Отаға дейінгі аудиограммада сол жақ құлақтағы естудің айтарлықтай төмендегені байқалды. Тимпанопластикадан кейін дабыл жарғағы қалпына келтірілді, ал есту көрсеткіштері дерлік қалыпқа келді. Науқас операциядан кейінгі алғашқы апталарда-ақ естудің айтарлықтай жақсарғанын сезінгенін айтты».

Медициналық деректер де оң өзгерісті растайды: сол жақ есту деңгейі 52 дБ-ден 22 дБ-ге дейін жақсарған. Бұл — отаның тиімді өткенінің айқын дәлелі.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында қолданылатын заманауи хирургиялық әдістер созылмалы құлақ ауруларынан зардап шегетін пациенттерге есту қабілетін ғана емес, өмір сапасын да қалпына келтіруге мүмкіндік беріп келеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz