Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі әр өңірде мемлекеттік қызметшілерінен тұратын «Еріктілер кеңесін» құрды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
19.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Еріктілер кеңесі қайырымдылықты қолдауды көздейді және олардың басты мақсаты мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру.

«Еріктілер кеңесінің негізгі міндеті»- мемлекеттік қызметшілер арасында волонтерлық қызметті үйлестіру, бұл бағытта заңды тұлғалармен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс қимылды қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілердің волонтерлық қызмет саласында  мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

Осы бағытта, 2025 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Еріктілер кеңесінің мүшелерімен Қонаев қаласының орталық саябағында 20-ға жуық құс үйшігін орнатты.

«Волонтер болу кез келген адамның қолынан келеді, бірақ бұл арада ескеретін өзіндік ерекше  міндеттер мен талаптар бар. Волонтер үшін адамгершілік, өнеге дегендей адами қасиет бос сөз емес. Ол гуманитарлық, әлеуметтік, экологиялық жобаларға көзбояшылық мақсатта емес, шынайы тандауымен, жанқалауымен қатысып, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге дайын әрі мүдделі болуы тиіс деген пікірдеміз», — деп атап өтті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы  Мадияр Болатұлы Исебаев.

Бұл акция табиғатты қорғауға және алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Құстар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, бұл бастама экологиялық мәдениетті арттырып, жас ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.

 

Тегтер: еріктілермемлекеттік қызмет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz