Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Медеу» мұз айдынына 50 жыл толды

Кеше Алматыда теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан "Медеу" спорт кешенінің 50 жылдығы аталып өтті, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

26.12.2022
Аймақ

Мұз айдынының аумағында көптеген ойын-сауық интерактивті алаң мен тарихи аймақ орналасқан.

Салтанатты рәсімді Қазақстанның көрнекті спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруі ашты.

Сонымен бірге мұзда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева арнайы бағдарламасымен өнер көрсетті. Мереке аясында аты аңызға айналған «Мұз симфониясы» мұз балеті мен «И в сердце горячо» гала-шоуының тұсаукесері өтті. Қонақтар Olуmpic Show атты алғашқы қазақстандық мұз шоуының қойылымын тамашалады.

Мереке соңында Молданазардың концерті болды. «Медеу» спорт кешенінің жартығасырлық тойы түнгі отшашумен аяқталды.

Медеу — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. 10 500 шаршы метр мұз теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Бұл конькимен жүгіру спортында әлемдік рекордтар ең көп қойылған орын және адамдар ең көп баратын спорт кешені.

 

1 of 5
- +
Тегтер: 50 жылмедеумұз айдыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz