Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданы әкімін ет өндірісінің төмендеуіне байланысты сынға алды

Алматы облысының әкімі Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында ет өңдеу комбинатына мал тапсыратын шаруа қожалықтарын тарту бойынша жұмыс әлсіз жүріп жатқанын айтты.

14.12.2022
Аймақ, Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Өңір басшысының пайымдауынша, соның  салдарынан ет өндірісі екі есе төмендеп кеткен.

«Империя Фуд» ЖШС былтыр 1400 тонна өнім өндірсе, 2022 жылдың 10 айында тек 700 тонна ет өндірген», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Бұдан былай мәселе облыс әкімінің бақылауында болады. Ширақ әрекетті талап ететін тағы бір мәселе – пайдаланылмайтын жерлер. Марат Сұлтанғазиев осы бағытта да жұмысты күшейтуді талап етті.

«Мониторинг барысында 195 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Оның небары 25 мың гектардан астамы мемлекетке қайтарылды. Бұл жұмысты жалғастыру керек», – деді ол.

Марат Сұлтанғазиев аудан әкіміне өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ынталандыру шараларын жедел қолға алуды тапсырды. Оларға шағын несиелер мен гранттар беру арқылы қолдау керектігін айтты. Қазіргі уақытта Жамбыл ауданында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар саны 23 мыңнан асады.

Ауданда бұдан былай тұрғын үй құрылысы да қарқын алмақ. Өңір басшысы Жамбыл ауданы әкіміне жекеменшік  баспана тұрғызуға арнайы жерлер бөліп, оларды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 27
- +
Тегтер: Жамбыл ауданыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz