Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев өртеніп кеткен аумақтарды тікұшақпен аралап көрді

Алматы облысының ТЖД, өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен бірге 22 маусым-2 шілде аралығында өртеніп кеткен "Іле-Балқаш" резерватының аумағын тікұшақпен аралап шықты.

10.07.2023
Аймақ

Тікұшақта Марат Сұлтанғазиев ТЖД маманымен өртке қауіпті маусымдағы іс-шаралар, орман шаруашылықтарындағы қазіргі жағдай туралы талқылады.

Облыс әкімі барлығы 1380 шақырым жерді аралап көрді. Ол тиісті мамандарға облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, қорғау және өрттен сақтау туралы тапсырма берді.

Айта кетейік, Іле-Балқаш резерватының аумағында 22 маусым күні қамыс жанып, 2 шілде сағат 07:40-та сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы — 6200 га.

Одан кейін 6 шілде күні сағат 21.00-де Балқаш ауданы Қараой ауылынан 30 км жерде, Іле-Балқаш резерваты аумағындағы жекелеген аралдарда қамыс өртене бастады. Өрт 2 кордонда орын алды. 9 шілде сағат 18.10-да өрт ауыздықталып, 10 шілде сағат 11.24-те сөндірілді. Қызыл жалынның қанша аумақты алғаны әзірше белгісіз. Өртпен күреске 30-ға жуық адам, 13 техника жұмылдырылды.

ТЖД мамандары тұрғындардан демалыс кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиевөрт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz