Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Бүгін Қонаев қаласының Мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

20.06.2023
Аймақ
Фото: Жұмабай Мұсабеков

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Шарада облыс әкімі сөз алып, ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтады.

«Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кез келген мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі – ел азаматтарының денсаулығын сақтау, әл-ауқатын арттыру. Адамның ең басты байлығы – денсаулық! Аймақтағы медициналық мекемелерде 3 мыңға жуық дәрігер мен 9 мыңнан аса орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді, білімі мен тәжірибесін халықтың саулығын қорғауға бағыттаған баршаңызға зор ризашылығымызды білдіреміз», — деді облыс әкімі.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Өңір басшысы денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджет жылдан жылға артып жатқанын да айтты.

«Жылдан жылға осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 9,6 млрд. теңгеден асты. Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті мамандармен қамтуға да зор көңіл бөлінеді. Облыстың медициналық мекемелеріне 2022-2023 жылдар аралығында 96 дәрігер маман жұмысқа қабылданды. Антына адалдық танытып, күн сайын ерлікке тең іс атқарып жүрген сіздердің әрқайсыларыңыз құрметке лайықсыздар», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Содан соң ол үздік 10 қызметкерді марапаттады. Оның ішінде «Үздік стационар дәрігері», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік жедел жәрдем дәрігері» секілді номинациялар бар.

Бұдан бөлек, бүгін Іле аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологы Гүлнар Әнесоваға «Еңбек ардагері» медалі табыс етілді. Марапатталғандар қатарында «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін, облыс әкімінің Алғыс хатын, облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленгендер де болды.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

1 of 5
- +
Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласықұттықтауМарат Сұлтанғазиевмедицинамереке

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz