Бүгінде серіктестік 150 гектар жерге картоп егіп, оны су үнемдеу мақсатында тамшылатып суару әдісімен баптауда. Картоптан бөлек, Қарой жазығында 1500 гектар алқапта дәнді дақылдар да себілуде. Қазіргі уақытта, 20-дан астам жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Науқан кезінде жұмысшылар саны бұдан да артады.
Ең басты жаңалық — “Алтын дән” ЖШС PEPSICO халықаралық компаниясымен әріптестік орнатып, чипсыға арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізіп жатыр. Бұл тұқымдар шетелден әкелініп, осы алқапта өсірілуде. Өнімнің сапасы бекітілген агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.
Кәсіпорында картоп пен дәнді дақылдарға арналған 20-ға жуық заманауи техника жұмыс істеп тұр. Енді өнім Алматы облысы мен Алматы қаласына жөнелтіледі, ал чипстерге арналған тұқымнан алынған өнім Pepsicо-ға өткізілетін болады.
Райымбек ауданы бойынша жалпы 13 200 гектар жерге дәнді дақылдар, 2 500 гектар жерге картоп егіледі.
Бұл — ауыл шаруашылығының жаңа деңгейге көтеріліп, халықаралық нарыққа шығуына бастайтын нақты қадам.





