Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Күріші ең қымбат өңірлердің бірі — Алматы облысы

Елімізде күріш бағасы бір жылда 51,1% өскен.

13.09.2023
Аймақ

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері қалай өскені туралы ресми мәлімет таратты.

Ведомствоның дерегі бойынша, жыл басынан 5 қыркүйекке дейінгі кезеңде 19 түрлі тауардың бағасы орта есеппен 3,4% өскен. Соның ішінде қырықққабат 68,7%, күріш 34,6%, сәбіз 34,2%, айран 11,9%, сүт 11,1%, сары май 10,3%, ірімшік 7,3%, пияз 7,2%, сиыр еті 7%, макарон 6,8%, картоп 4,9%, тұз 3,3%, нан 2,2% қымбаттаған.

Министрліктің мәліметіне сенсек, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік саналатын 6 түрлі тауардың бағасы керісінше түскен. Олар: тауық еті (-1,8%), жұмыртқа (-4,3%), ұн (-6,7%), қант (-10,3%), күнбағыс майы (-14,5%), қарақұмық (-35%).

Жыл басынан бері қырыққабат бағасы әсіресе Жезқазғанда (7,8%) қатты өскен. Ал күріш бағасы Астанада (7,2%) артқан.

Сондай-ақ министрлік мамандары күріш бағасының кейінгі бес жылда қандай динамикамен өскеніне талдау жүргізіпті.

Ресми органның ақпаратына қарағанда, қазір бір келі күріштің бағасы 467 теңге. Бұл жыл басынан бері баға 34,6%, бір аптада 1,1% өсті деген сөз. Ал 2022 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда күріш 51,1% қымбаттаған.

Күріш бағасы ең қымбат өңірлер: Ақтөбе облысы (564 теңге), Ұлытау облысы (555 теңге), Алматы облысы (536 теңге).

Осыған дейін ел экономикасының 8 айда 4,9 пайызға өскенін жаздық.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz