Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне өтті

Қапшағай маңындағы «Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне өтті. Бұл туралы Қонаев қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне қайтарылды. Бұған дейін нысанға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы иелік еткен», – делінген баспасөз хабарламасында.

Қонаев қаласының басшылығы «Қазақфильм киностудиясымен бірқатар келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде киностудия мөз меншігіндегі декорациялық кешенді сыйға тарту шартымен беруге келіскен.

Әкімдік мәліметінше, бүгінгі күні қалашық біршама тозған. Кейбір жабдықтары сынып, алғаш салынғандағы келбетін жоғалтқан.

Іле өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан нысан аумағы 5,8 гектарды құрайды. Баланстық құны – 15 402 000 теңге.

Енді бұл қалашық Қонаев қаласының труистік нысанына айналады. Кешен әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне қарайды. Алдағы уақытта бұл жерді Қонаевтың туристі аймағы ретінде дамыту көзделген.

Қалашықтың тозып кеткеніне байланысты әкімдік нысанды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек аймақ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары басталып кеткен. Бүгінде қалаға баратын 7 шақырым күре жол төселген. Бұдан бөлек электр желілері тартылып, автотұрақ салынады. Күре жолдың бойы жарықтандырылады.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz