Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданында бірқатар бөлім басшылары тағайындалды

Бүгін Алматы облысы Кеген ауданының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды.

18.07.2023
Аймақ

Бақытбек Шалғынбеков аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Ол 1982 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Шыбышы ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары.2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Жер ресурстарын басқару және жер үлестіру» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Алматы Жер ҒОО ЕМК» Райымбек жер кадастрлық филиалының технигі болып бастаған. Әр жылдары Райымбек, Кеген аудандарының әкімдігінде түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.

Еркінбек Қалқаев аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1973 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990-1996 жылдары Ұзынбұлақ асыл тұқымды қой совхозының көмекші шопаны болып бастаған. Әр жылдары БАҚ-да жарнама агенті, редактор, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы, мектеп мұғалімі, Кеген ауданында түрлі қызметтерде болған.

Жасұлан Өмірзақов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1978 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары.

Еңбек жолын 2005 жылы «Тұйық поселкелік округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маманы міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. Кейіннен Бөлексаз, Тасашы ауылдық округтерінің әкімі, Кеген аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Кегенде экс-шенеунікке қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Алматы облысында конкурдан Қазақстан чемпионаты аяқталды: жеңімпаздар анықталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қазақстанда журналистердің мәртебесі қалай өзгерді? Медиа саласындағы негізгі реформаларға шолу

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz