Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауданына инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылмай отыр — Марат Сұлтанғазиев

Кеген ауданының халқымен басқосу өткізген облыс әкімі аудан инвестиция тарту бойынша облыста 9-орында екенін айтып, басшылықты сынға алды.

05.04.2023
Аймақ

«Инвестициялар тарту бойынша аудан 1,2 пайыз үлесімен облыста 9-шы орынды алып отыр. 2022 жылы бұл аумаққа 7,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Осы орайда, облыс бойынша 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын 104 жобаның 9-ы Кеген ауданына тиесілі екенін айта кету керек. Алайда, олардың 8-ін іске асыру жұмыстары тоқтап тұр. Яғни, аудан әкімі ауданға инвестиция тарту жұмысын өз деңгейінде ұйымдастырмай отыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі өзінің орынбасары Арслан Дәндібаевқа, кәсіпкерлік басқармасына аудан әкімімен бірлесіп, инвесторлармен кездесу өткізуді тапсырды.

«Сондай-ақ іске асырылмай тұрған жобалардың себебін анықтап, қолдау көрсету арқылы шаралар қабылдауды және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағдарланған жаңа кәсіпорындар ашуды тапсырамын», — деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, Марат Сұлтанғазиев шығарған өнім, көрсеткен қызмет көлемі өткен жылдың 9 айында 28,8 млрд. теңгені құрап, 10 пайызға төмендегенін айтты.

«Биыл Кеген ауданында 2 жобаны субсидиялау жоспарланып отыр, 74 адам жалпы сомасы 102,2 млн. теңгеге грант алады. Бұл көрсеткіш өте аз», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, ауданда өндіріс көлемінің 90 пайызы Мойнақ су электр станциясына тиесілі. Бүгінгі таңда ауданда небәрі 10 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Тегтер: Алматы облысыинвестициякеген ауданыМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz