Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданының білім бөлімінде 81 млн теңге жымқырған есепші сотталды

Бұл туралы ведомствоаралық комиссия отырысында Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов мәлім етті.

22.06.2023
Аймақ

Антикор жыл басынан бері білім саласына сыртқы талдау жүргізген. Нәтижесінде Іле аудандық білім бөлімінің есепшісі Нұрахманова 81 млн теңге жымқырғаны жөнінде қылмыстық іс тіркелген.

«Ол 2020-2023 жылдары мектепте жұмыс жасамаған «өлі жандардың» шотына ақша жіберіп отырған. Орташа есеппен бір айда 1-6 млн теңге арасында ақша аударылған», — деді Нұрсұлтан Бекинов.

Осыдан екі күн бұрын есепші кінәлі деп танылып, соттың шешімімен 6 жылға сотталды.

Бұл Алматы облысында тіркелген жалғыз жағдай емес. Іле ауданында 4 бухгалтер жоғарыда аталған жүйемен жұмыс жасап, 525 млн теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Бекиновтың сөзінше, Жамбыл, Ұйғыр, Іле аудандарында мұғалімдер мен бухгалтерлердің еңбекақысын негізсіз көтеріп, артық 84 млн теңге төленгені анықталған.

Антикор білім саласында ақша жымқырудың негізгі себептері мен шарттарын анықтаған.

«Бухгалтерлік есепте «1С» және «Парус-КАЗ» жүйесі қолданылады. Бұл жүйелер ашықтықты қамтамасыз ету үшін қолданысқа енгізілген. Алайда, талдау нәтижелерінде көрсетілгендей, Антикор аталған программалардың кемшілігін тапты. Ол – жүйеге енгізілген ақпараттарды қайта өңдеу мүмкіндігінде. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында білім басқармасында ішкі аудит және есепті бақылау қызметін ұйымдастыру қажет», — деді Нұрсұлтан Бекинов.

Тегтер: Алматы облысыбілім бөліміесепшіІле ауданықылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz