Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Эндоскопиялық орталығы бар: Қонаев ауруханасының мүмкіндіктері артты

Қонаев қаласындағы қалалық көпсалалы аурухана – кең ауқымды диагностикалық және емдеу мүмкіндіктеріне ие, жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар қызмет ететін заманауи медициналық ұйымдардың бірі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Аурухана Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына тікелей қарайды және Қонаев қаласы мен оған іргелес аймақ тұрғындарын толық көлемде медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде мекеме келесі мүмкіндіктерге ие:

  • 325 төсек-орын, оның ішінде 250 орын тәулік бойғы стационарда және 75 орын күндізгі стационарда;

  • профильдік бөлімшелердің дамыған желісі;

  • заманауи диагностикалық құрал-жабдықтар;

  • толыққанды операциялық блок және реанимация әрі қарқынды терапия бөлімі.

Сонымен қатар, ауруханада нейрохирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық және отоларингологиялық операцияларды жүргізу мүмкіндігі бар.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы жанынан эндоскопиялық орталық ашылған. Бұл орталықтың болуы әртүрлі деңгейдегі күрделі ауруларды уақтылы анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, мұндай әлеует өңір тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Аурухана пациенттері төмендегідей қызмет түрлеріне сенім арта алады:

  • кәсіби және уақытылы диагностика;

  • емдеу процесін толық сүйемелдеу;

  • жоғары білікті дәрігерлердің көмегі;

  • Пациенттерді қолдау қызметі арқылы ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау.

Бұл қызмет кері байланыс орнатып, туындайтын мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы үнемі даму үстінде. Мекемеде медициналық жабдықтар жаңартылып, емдеу мен диагностиканың заманауи технологиялары енгізілуде. Сонымен қатар, медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдері де жетілдіріліп келеді.

Мамандардың пікірінше, аурухана тек емдеу орны ғана емес, халық денсаулығын сақтау бағытында күн сайын қызмет атқаратын маңызды әлеуметтік институт.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz