Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгін Алматыда қар жауады — ТЖД ескерту жасады

18 сәуірде Алматыда жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ болады.

18.04.2023
Аймақ

«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» мәліметін ескере отырып, 18 сәуір, сейсенбі күні түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауатынын, сондай-ақ, жолда көктайғақ, тұман болатынын ескертеді. Түннің бірінші жартысында солтүстік-батыстан екпіні секундына 15 метр болатын күшті жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады», — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта ауа райының күрт салқындауына байланысты құтқарушылар тұрғын үйді газ плитасымен жылытпау, электр желілерді шамадан тыс пайдаланбау керектігін еске салады.

ТЖД тек ақаусыз электр қондырғыларын қолдануға шақырды.

«Ағаштар мен бұта тамырларын аяздан қорғау үшін жер бетіне гумус, шымтезек субстраты және ағаш үгінділерін төсеуге болады. Олар ауаға толы борпылдақ қабат қалыптастырып, жылуды сақтайды. Өсімдіктерді аяз басталған кезде пленка немесе спунбонд материалдармен жапсаңыз, жылу жинап үлгермей қалуыңыз мүмкін. Егістікке арналған жерлердің жылуын сақтау үшін аталған іс-әрекеттерді алдын ала жасау қажет», — деп ескертті ТЖД.

Тегтер: алматыескертуқарТЖД

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz